Иран Нидерландының Эйндховен политехникалық университетінде өткен көрмеге қатысты
https://parstoday.ir/kz/news/world-i41695-Иран_Нидерландының_Эйндховен_политехникалық_университетінде_өткен_көрмеге_қатысты
Нидерландының Эйндховен политехникалық университетінде жыл сайын өтетін көрмеден осы қаладағы ирандық студенттердің талпынысымен ИИР-на бір павильон берілді.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Сәу 01, 2019 13:52 Asia/Almaty
  • Иран Нидерландының Эйндховен политехникалық университетінде өткен көрмеге қатысты

Нидерландының Эйндховен политехникалық университетінде жыл сайын өтетін көрмеден осы қаладағы ирандық студенттердің талпынысымен ИИР-на бір павильон берілді.

Нидерландының Эйндховен политехникалық университетінде студенттерді әртүрлі елдердің мәдениеттерімен таныстыру мақсатында өткізілетін "Менің мәдениетіммен байланыс орнат" атты биылғы көрмеден Эйндховен қаласындағы ирандық студенттердің талпынысымен ИИР-на бір павильон берілді.

Ирандық студенттер көрменің Наурыз күндеріне жақын өтуін ескеріп, өз павильонында Иранның туристік тартымдылықтарын таныстырумен қатар, Наурыз бен "Һафт син-Жеті син" дастарханын жайып, қонақтарды дәстүрлі ирандық тәтті-дәмділер және "аш" – кеспе көжемен күтті.  

Сондай-ақ, көрмеге Иранның батысындағы Керманшаһ облысының қолөнер бұйымдары қойылып, облыстағы Сарползахабта жерсілкінісінен зардап шеккен әйелдерге көмек болу үшін олар жасаған бұйымдар да сатылды.