Иранның Экономика министрі Хорватияға іссапармен барды
https://parstoday.ir/kz/news/world-i41700-Иранның_Экономика_министрі_Хорватияға_іссапармен_барды
ИИР-ның Қаржы және экономика министрі Фархад Дежпасанд Хорватиямен сауда қарым-қатынасты кеңейту жолдарын талқылау үшін Загреб қаласына барды.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Сәу 02, 2019 13:36 Asia/Almaty
  • Иранның Экономика министрі Хорватияға іссапармен барды

ИИР-ның Қаржы және экономика министрі Фархад Дежпасанд Хорватиямен сауда қарым-қатынасты кеңейту жолдарын талқылау үшін Загреб қаласына барды.

Иранның Қаржы және экономика министрі Фархад Дежпасандтың кездесу шаралары бүгін, сейсенбі күні Хорватияның Экономика министрлігінде басталды. Келіссөздерден кейін Фархад Дежпасанд пен Хорватияның Іскерлік, Кәсіпкерлік және Экономика министрі Дарко Хорват екі ел үкіметтері арасында өзара инвестиция салуға ынталандыру және қолдау құжатының қосымша протоколына қол қояды.

Сондай-ақ, Дежпасанд Хорватияның Қаржы министрі, Орталық банкі мен Сауда палатасының басшылары мен Премьер-министрі  Андрей Пленковичпен жеке-жеке кездеседі.