Помпео: АҚШ Иранға қысымды жалғастырады
https://parstoday.ir/kz/news/world-i41814-Помпео_АҚШ_Иранға_қысымды_жалғастырады
АҚШ Мемлекеттік хатшысы Помео сенбі күні Вашингтонның Иранға қарсы санкция мен қысымды жалғастыратынын тағы қайталады.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Сәу 14, 2019 13:02 Asia/Almaty
  • Помпео: АҚШ Иранға қысымды жалғастырады

АҚШ Мемлекеттік хатшысы Помео сенбі күні Вашингтонның Иранға қарсы санкция мен қысымды жалғастыратынын тағы қайталады.

Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Майк Помпео: "Ақ үймен қоса, америкалық сенаторлар да Иранға қарсы санкцияны күшейтуді сұрап отыр",-деп мәлімдеді.

АҚШ Мемлекеттік хатшысы ИИР-н әлемде лаңкестікті қолдап отырған ең ірі мемлекет деп атап: "АҚШ Иранға қысым жасап, санкция салу арқылы Иран халқына қарапайым өмір сүруге мүмкіндік беруді көздейді",-деген уәж айтты.

Ислам революциясының жетекшісі 9 қаңтарда Құмның мыңдаған тұрғынымен кездесуінде: "Америкалықтар Иран халқына салған қазіргі санкцияларының тарихта бұрын-соңды болмағанын айтып қуанады, алайда Иран халқы оларды бұл салада тарихта бұрын-соңды болмаған жеңіліске ұшыратады",-деген болатын.