Maм 05, 2019 18:39 Asia/Almaty
  • Америкалықтардың Иранға қарсы шаралары олардың әбігерге түскенінің белгісі

Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің төрағасы Лариджани америкалықтардың Иранға қарсы шараларын олардың жоспарсыз әбігерге түскенін көрсететінін айтты.

Әли Лариджани жексенбі күні Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің ашық жиналысында: «АҚШ режимінің Ислам революциясы Сақшылар корпусына қарсы жуырдағы шарасы мен Иранның бейбіт ядролық жұмыстарына қатысты кейбір санкцияларды ұзартуы – халықаралық салада түсініспеушілік тудыруға жасаған талпынысы.

Америкалық қайраткерлер Иранға қарсы психологиялық шараларға кірісті, бірақ әдеттегідей жеңіліс табады»,-деді.

 

Тегтер