Болтон Иранды қорқытуға тағы талпыныс жасады
АҚШ-тың Иран халқы мен үкіметіне қарсы дұшпандық әрекеттерді арттыруымен тұспа-тұс Ақ үйдің Ұлттық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі кеңесшісі Джон Болтон мәлімдеме жариялап, Ислам республикасына әскери салада қоқан-лоққы жасады.
Болтон өз мәлімдемесінде: "АҚШ алаңдатарлық және қауіп-қатер тудыратын бірқатар белгіні назарға алып, "USS Abraham Lincoln» кемесі мен бомбалаушы топты Американың орталық штабы (CЕNTCOM) аймағына орналастыруды көздеп отыр. Мұндағы мақсатымыз – Иранға біздің елге немесе одақтастарымыздың мүдделеріне жасалған кез келген шабуылға қатаң жауап қайтарылатыны туралы анық жолдауды жеткізу",- деді. Дегенмен, Болтон АҚШ-тың Иранмен соғысуды көздемейтінін, бірақ, ирандық күштер тарапынан жасалатын кез келген шабуылға реакция білдіруге дайын екені туралы уәж айтты. Болтонның әшкере қоқан-лоққыларын Иранды қорқыту деп сараптауға болады. Ол Иранды қорқытуды мақсат етіп отыр. Болтон Иранға қарсы әскери қоқан-лоққысымен Теһранды ұлттық мүддесі мен ұлттық қауіпсіздігін қорғаудан бас тартқызамын деп ойлайды. Ислам республикасы АҚШ-тың әскери қоқан-лоққысы мен ықтималды шабуылына қатаң реакция білдіретінін сан рет қуаттады. АҚШ-тың Ұлттық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі кеңесшісі елінің теңіз және әуе оперативті тобын алаңдататын белгілерге реакция ретінде аттандырғаны туралы уәж айтты. Бірақ, эксперттер "USS Abraham Lincoln» кемесінің Парсы шығанағына алдын-ала жоспарланған бағдарлама бойынша аттандырылғанын, оның қоқан-лоққылардың артуына қатысты емес екенін айтып отыр. Бұл салада АҚШ үкіметінің бұрынғы басшыларының бірі Илан Голденберг: "CЕNТCOM аймағына әскери кеме аттандыру таңғалатын мәселе емес. Бұл іс біраз уақыт бұрын жоспарланып, жасалған",- деп жазды. Негізінде, бағдарлама бойынша "USS Abraham Lincoln» кемесінің Парсы шығанағына аттануы туралы мәлімдеме бір ай бұрын жасалған. "USS Abraham Lincoln» кемесі мен оның флотилиясы сәуір айында Жерорта теңізінде болған. Келесі маңызды мәселе Болтонның қазір "В тобы" деп танымал соғысқұмар ұстанымның көшбасшы болып отырғанында. Аталмыш топ Трамп үкіметін Иранмен әскери текетіреске мәжбүрлегісі келеді. АҚШ "Ұлттық қауіпсіздік стратегиясы – 2017" құжаты бойынша, Иранды оқшаулау және Таяу Шығыс деңгейіндегі саясаттары мен әрекеттерін өзгерту мақсатында аймақтық коалиция құруға талпынды. Қазіргі таңда бұл коалиция саудиялық-сионистік коалиция ретінде қалыптасты. АҚШ-тың Иранға қарсы дұшпандығы қоқан-лоққыларға қарамастан Теһранның Вашингтонның араласушылықтары алдында табандылығын жалғастыруына байланысты.