Америкалық газет Джон Болтонды келекеледі
"Onion" әзіл-ысқақ газеті АҚШ Ұлттық қауіпсіздік кеңесшісі Джон Болтонды қансыраған күйде салып: "Болтон иығын ұстап, еңіреп жылап, АҚШ Конгресіне барып, Иран тарапынан нысанаға алынғанын айтты",-деп әзілдеп жазды.
Бұл америкалық газет әзілінің жалғасында: "Болтон бұл суретте жанындағы адамдарға өз жұмысын істеп жатқан кезде Иранның оған ұзақ қашықтыққа арналған бір зымыран атқанын айтты",-делінген.
Болтон: "Бұл оқиғадан кейін күлген адамдардың дауысын естідім. Олар айуандық шабуыл бастамас бұрын Болтонды тоқтатыңдар деп айтып жатты",-деп жалғастырды.
Америкалық газеттің Джон Болтонды мазаққа айналдыруы АҚШ-тың ішінде де бұл елдің Ұлттық қауіпсіздік кеңесшісінің дұшпан елдер, соның ішінде Венесуэла мен Иранға қарсы жауластық саясат қабылдауда шектен шығып отырғанын көрсетеді.