Эмомали Рахмон: ДАИШ-тың мақсаты – Орталық Азияға ену
Тәжікстан Президенті: «ДАИШ лаңкестік тобы Орталық Азия елдеріне еніп, бұл елдердегі тыныштықты бұзу мақсатымен Ауғанстанға көшірілуде»,- деді.
«Тасним» ақпарат агенттігінің мәліметінше, Эмомали Рахмон Душанбедегі лаңкестікке қарсы күрес саласындағы халықаралық және аймақтық ынтымақтастықтар басқосуында лаңкестік топтар әрекеттерінің Орталық Азия елдері үшін шынайы қоқан-лоққы екенін қуаттады. Ол: «ДАИШ сынды лаңкестік топтар Орталық Азия аймағын өз бақылауын алу үшін кез келген құрал мен мүмкіндікті пайдалануды арттырады»,- деп қосты. Рахмон кейбір мемлекеттердің лаңкестікке екіжүзділік білдіруіне тоқталып: «Лаңкестерді жаман және жақсы деп бөлуге болмайды»,- деді.
Бұдан бұрын Ресей басшылары мен Ауғанстан Парламенті өкілдері және ауған саяси мамандар АҚШ-тың ДАИШ лаңкестік тобын қолдап, Ауғанстанға көшіруін айыптады.