Ресейде болған жарылыс салдарынан жараланғандардың саны 79 адамға жетті
(last modified Sun, 02 Jun 2019 09:07:20 GMT )
Маусым 02, 2019 15:07 Asia/Almaty
  • Ресейде болған жарылыс салдарынан жараланғандардың саны 79 адамға жетті

Ресейдің Нижний Новгород облысындағы Дзержинск қаласында орналасқан «Кристалл» зауытында оқ-дәрі шығаратын бір шеберханада болған 3 жаралыс салдарынан жараланғандардың саны 79 адамға жетті.

ИИР Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Ресей басшылары бұл оқиғада жараланғандардың санын 38 адам деп жариялаған болатын.

Жарылыс салдарынан осы зауыттың 5 ғимараты мен 180-ге жуық тұрғын үй зардап шекті.

Дзержинск қаласының жедел жәрдем орталығы жарылыстың себебін зауыттың өндіріс желісіндегі техникалық ақау болуы мүмкін деп отыр.  

Тегтер