АҚШ Иранмен келіссөзге белгілеген 12 шартынан бас тартты
https://parstoday.ir/kz/news/world-i42324-АҚШ_Иранмен_келіссөзге_белгілеген_12_шартынан_бас_тартты
Иранмен келіссөз жүргізу үшін 12 шартты белгілеген АҚШ Мемлекеттік хатшысы Майк Помпео бір жылдан кейін АҚШ-тың ешбір шартсыз Иранмен келіссөз жүргізуге дайын екенін туралы жариялады.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Маусым 03, 2019 13:54 Asia/Almaty
  • АҚШ Иранмен келіссөзге белгілеген 12 шартынан бас тартты

Иранмен келіссөз жүргізу үшін 12 шартты белгілеген АҚШ Мемлекеттік хатшысы Майк Помпео бір жылдан кейін АҚШ-тың ешбір шартсыз Иранмен келіссөз жүргізуге дайын екенін туралы жариялады.

 

АҚШ Мемлекеттік хатшысы швейцариялық әріптесімен бірге Бернде өткізген баспасөз отырысында: "Трамп өткен бірнеше күнде ирандықтармен сөйлесуге дайындығын білдірді",- деді. Бірақ Помпео Иранға қарсы айыптауларын қайталап: "Ирандықтар қалыпты мемлекет сынды әрекеттену керек деген нәтижеге жеткен кезде, біз келіссөз жүргізуге дайынбыз",- деп қосты. Осыдан шамамен бір жыл бұрын АҚШ "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасынан шыққан соң Помпео Иранмен келіссөз жүргізу үшін 12 шартты,  олардың ішінде Иранның ядролық және зымырандық бағдарламаларын, сондай-ақ аймақтағы қарсыласу ағымын қолдауын тоқтатуды анықтаған болатын. Сол кезде Трамп үкіметі "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасынан шығып және ядролық мәселеге қатысты санкцияларды қайтаруымен қорқытып, Иранды ядролық және басқа мәселелерге қатысты келіссөздерге қатысуға мәжбүрлейді деп үміттенді. Алайда Иранның АҚШ-тың қысымдарына қарсы біржылдық қарсыласуы Ислам республикасының қоқан-лоққыдан қорқып, келісімді бұзушы  АҚШ-пен келіссөз жүргізбейтінін көрсетті. Осы күні Иранның мұнай экспортын мүлдем тоқтату, Ислам революциясы  Сақшылар корпусын лаңкес деп жариялау және ұшақ тасымалдайтын кеме мен бомбалаушы В-52 ұшақтарын аймаққа аттандыру әрекеттерімен АҚШ-тың қысымдары жоғары деңгейге жеткен кезде, АҚШ үкіметінің қолында келіссөз жүргізу ұсыныс немесе соғыстан басқа шара қалмады. Америкадағы Иранға қарсы асыра сілтеушілердің өздері бұл елге қарсы шабуылдың саяси, қауіпсіздік және экономикалық ауыр салдарлары туралы ескерту жасады. Трамптың өзі де сан рет Иранмен әскери бетпе-бет келгісі келмейтіні туралы айтты. АҚШ-тың республиканшыл сенаторларының бірі Ричард Блек Дональд Трампқа жолдаған хатында: "Біздің халқымыз соғыстан шаршады. Иранға қарсы соғысты халық қолдамайды. Мен, егер Иранға қарсы шабуыл жасалса, республиканшыл партия 2020 жылдың сайлауында тарихи сәтсіздікке ұшырайтынына алаңдаудамын",- деп жазды. Сондықтан Иранмен соғысуды ақылсыз деп тауып және Иранның америкалықтардың қоқан-лоққыларына қарсыласуын жалғастыруына байланысты Трамп үкіметі Иранға қарсы өздері тудырған дағдарысты шешетін жол табу үміттерімен соңғы күндері екпіндерін бәсендетті. Трамптың  кейбір ақпарат құралдар "Токионың Теһран мен Вашингтон арасындағы арағайындық талпыныс" деп атаған Жапония Премьер-министрі Абэ Синдзоның Иран сапарын қолдауын осы салада бағалауға болады.

Иранның жоғары лауазымды басшыларының өткен апталарда сан рет қысым арқылы мәжбүрлеген келіссөзге қатыспайтындары туралы қуаттаулары жетіп, Трамп үкіметі Иранға қатысты сөздерінде сақтық сақтауға талпынуда деген ой туады. Әрине қазіргі қайшылықтарда  америкалықтардың сөз екпінің өзгерту емес, әрекеттерін өзгерту маңызды болып табылады.