Иран АҚШ-тың танкерлер оқиғасына қатысты уәждерін теріске шығарды
https://parstoday.ir/kz/news/world-i42428-Иран_АҚШ_тың_танкерлер_оқиғасына_қатысты_уәждерін_теріске_шығарды
Иранның БҰҰ-дағы тұрақты өкілдігі жүма күні таңертең жасаған мәлімдемесінде АҚШ-тың Оман теңізінде орын алған танкерлер оқиғасына қатысты негізсіз уәждерін теріске шығарып, оны қатаң айыптады.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Маусым 14, 2019 12:51 Asia/Almaty
  • Иран АҚШ-тың танкерлер оқиғасына қатысты уәждерін теріске шығарды

Иранның БҰҰ-дағы тұрақты өкілдігі жүма күні таңертең жасаған мәлімдемесінде АҚШ-тың Оман теңізінде орын алған танкерлер оқиғасына қатысты негізсіз уәждерін теріске шығарып, оны қатаң айыптады.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Иранның БҰҰ-дағы тұрақты өкілдігі өз мәлімдемесінде Вашингтонның аймақтағы ауқымды әскери құзырының ұдайы Парсы шығанағында тынышсыздық пен тұрақсыздықтың басты себебі болып отырғанын айтып: "АҚШ пен оның одақтастары соғысқұмарлықтан бас тартып, аймақта басқаларды айыптауға бағытталған жасырын әрекеттері мен қастандықтарын доғаруы керек",-деді.

Бейсенбі күні таңертең Оман теңізінде екі танкер өртенді. Жапония Сауда министрлігі бұл екі танкердегі жүктің осы елге тиесілі екенін хабарлады.

Оқиға орын алғаннан кейін Иранның Айлақтар және кеме қатынасы ұйымының іздестіру және құтқару қызметі ілезде іске кірісіп, екі кеме экипажын құтқарып, тиісті медициналық қызметтер көрсетілу үшін Иранның оңтүстігіндегі Джасак айлағына жеткізді.