Иран АҚШ-тың үстінен БҰҰ-на шағым түсірді
ИИР америкалық ұшқышсыз ұшақтың бұл елдің әуе кеңістігін басып кіруіне байланысты БҰҰ-на АҚШ-тың үстінен шағым түсірді.
Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің мәліметінше, БҰҰ-дағы Иранның тұрақты өкілі Маджид Тахтраванчи БҰҰ Бас хатшысы Антонио Гутеррешке жазған хатында АҚШ-тың тыңшылық ұшқышсыз ұшағының ИИР-ның әуе кеңістігіне шабуыл жасағанына байланысты Теһранның наразылығын жариялады. Тахтраванчи АҚШ-тың түрткі әрекетін халықаралық заңдар мен БҰҰ Жарғысын бұзу деп атап, оны айыптады. БҰҰ-дағы Иранның тұрақты өкілі: «ИИР соғысты көздемейді. Бірақ территориялық тұтастығын бұзған әр әрекеттен өзін қорғауды заңды құқығы деп санайды. Сондықтан өзінің әуе, су және құрлық шекараларын қорғайды»,- деп қуаттады.