АҚШ-тың ұшқышсыз ұшақтар маманы: Өз беделімізден айырылдық
https://parstoday.ir/kz/news/world-i42496-АҚШ_тың_ұшқышсыз_ұшақтар_маманы_Өз_беделімізден_айырылдық
АҚШ-тың ұшқышсыз ұшақтарды әскери мақсаттарда пайдалану саласындағы мамандардың бірі бұл елдің дамыған ұшқышсыз ұшағының Ислам революциясы Сақшылар корпусы әуе-ғарыш күштерінің қорғаныс жүйесімен құлатылуын ауыр соққы деп атап: «АҚШ-тың Global Hawk ұшқышсыз ұшағы еш уақытта нысанаға алынбайды деген ой-пікірдің қате болуы анықталды»,- деді.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Маусым 21, 2019 11:36 Asia/Almaty
  • АҚШ-тың ұшқышсыз ұшақтар маманы: Өз беделімізден айырылдық

АҚШ-тың ұшқышсыз ұшақтарды әскери мақсаттарда пайдалану саласындағы мамандардың бірі бұл елдің дамыған ұшқышсыз ұшағының Ислам революциясы Сақшылар корпусы әуе-ғарыш күштерінің қорғаныс жүйесімен құлатылуын ауыр соққы деп атап: «АҚШ-тың Global Hawk ұшқышсыз ұшағы еш уақытта нысанаға алынбайды деген ой-пікірдің қате болуы анықталды»,- деді.

«Фарс» ақпарат  агенттігінің мәліметінше, Ульрик Франке өз сұхбатында Иранның әлемнің ең үлкен әрі ең қымбат ұшқышсыз ұшағын нысанаға алғанына тоқталып: «АҚШ өзінің беделінен айырылды»,- деді. Бұл ұшқышсыз ұшақ Ислам революциясы Сақшылар корпусы әуе-ғарыш күштерінің «Үшінші хордад» деп аталған қорғаныс зымырандық жүйесімен нысанағана алып, құлатылды.

«Үшінші хордад»  хиджри-шамси күнтізбесінің 1393 жылы Ислам революциясы Сақшылар корпусы әуе-ғарыш күштері мамандарымен тұсауы кесілген қорғаныс зымырандық жүйе. Ол орта қашықтық әуе нысандарды жарып жіберу мүмкіндікке ие.