Маусым 23, 2019 20:00 Asia/Almaty
  • Харирчи: Аймақ елдері АҚШ-тың Иранның денсаулық саласына салған санкцияларына реакция білдірсін

Иранның Денсаулық сақтау, емдеу және медициналық білім беру министрінің орынбасары Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы, БҰҰ-ның Балалар қоры (ЮНИСЕФ) және аймақ елдерінен АҚШ-тың Иранның денсаулық саласына, дәрі-дәрмектер мен медициналық құрал-жабдықтарға салған санкцияларына реакция білдірлерін сұрады.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Ирадж Харирчи жексенбі күні Теһранда Батыс Азия мен Солтүстік Африка елдері және ЮНИСЕФ ұйымының денсаулық және тамақтануға қатысты аймақтық отырысында: "Иранға қарсы зұлым санкциялар Иран халқының дәрі-дәрмек, азық-түлік, медициналық қажеттіліктері мен емдеу саласын нысанаға алып отыр",-деді.

ЮНИСЕФ-тің Батыс Азия мен Солтүстік Африка аймағы бойынша кеңесшісі де Иранды бастапқы медициналық күтім саласында дамыған елдердің бірі деп атап: "ЮНИСЕФ әртүрлі бөлімдерде, соның ішінде бастапқы медициналық күтім және баланың алғашқы жылдардағы өсу үдерісі бойынша Иранның Денсаулық сақтау министрлігімен әріптестік жасайды",-деді.

ЮНИСЕФ-тің Ирандағы өкілі Уилл Паркс: "Аталмыш ұйым мен Иран жан-жақты әріптестік жасауды көздейді. Бұл халықаралық ұйымда санкция жағдайында ең осал топтарға көмектесуге арналған пакеттер бар",-деді.

Тегтер