Лавров: Лаңкестік топтар Иранды өздерінің негізгі дұшпаны деп санайды
https://parstoday.ir/kz/news/world-i42561-Лавров_Лаңкестік_топтар_Иранды_өздерінің_негізгі_дұшпаны_деп_санайды
Ресей Сыртқы істер министрі лаңкестік топтардың Иранды өздерінің негізгі дұшпаны деп санайтынына сілтеме жасап, АҚШ-тың Теһранның лаңкестікті қолдауы туралы уәждерін теріске шығарды.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Маусым 28, 2019 16:00 Asia/Almaty
  • Лавров: Лаңкестік топтар Иранды өздерінің негізгі дұшпаны деп санайды

Ресей Сыртқы істер министрі лаңкестік топтардың Иранды өздерінің негізгі дұшпаны деп санайтынына сілтеме жасап, АҚШ-тың Теһранның лаңкестікті қолдауы туралы уәждерін теріске шығарды.

«Фарс» ақпарат агенттігінің мәліметінше, Сергей Лавров: «Вашингтон Иран әлемдегі лаңкестіктің негізгі қолдаушысы деп уәжденеді. Негізінде АҚШ лаңкестік тізіміне тіркеген ұйыдардың көбі Теһранды өздерінің негізгі дұшпаны деп біледі»,- деді.

АҚШ басшылары осы кезге дейін сан рет ИИР лаңкестіктің қолдаушысы деп айыптады. ИИР қарсыласу майданының негізгі мүшелерінің бірі ретінде америкалық-сионистік-саудиялық қастықтарға қарсы күресте маңызды рөл атқаруда.