Түркіменстанда тамыз айында алғашқы халықаралық автокөлік көрмесі өтеді
Маусым 30, 2019 14:12 Asia/Almaty
Түркіменстанның Өнеркәсіп және Коммуникация министрінің орынбасары Каспий теңізі жағалауындағы елдердің автокөлік халықаралық көрмесінің елінде тамыз айында өтетінін хабарлады.
IRNА-ның жексенбі күнгі хабарлауы бойынша, көрме Каспий теңізі жағалауындағы Қазақстан, Иран, Түркіменстан, Әзірбайжан мен Ресей елдерінің экономикалық алғашқы форумы аясында Түркіменстанның теңіз жағалауындағы «Авазе» туристік аймағында өтеді.
Түркіменстан үкіметінің Каспий теңізі жағалауындағы елдермен жасаған бағдарламалары мен үйлесімдік шаралары негізінде Каспий теңізі мәселелеріне арналатын алғашқы экономикалық форумы 2019 жылдың тамыз айының 12 күні өтеді.
Тегтер