Иран мен Қазақстанның құқық саласында қабылданған меморандумдарын жүзеге асыру маңызды
ИИР Сот билігі төрағасының бірінші орынбасары Иран мен Қазақстанның заң саласындағы меморандумдарының жүзеге асырылуын маңызды деп атады.
Иран Телерадио ұйымының хабарлауынша, ИИР-ның Сот билігі төрағасының бірінші орынбасары Ғоламхосейн Мохсени Ежейи бүгін, дүйсенбі күні Теһранда Қазақстанның Бас прокуроры Асхат Дауылбаевпен кездесуінде: "Иран мен Қазақстан арасында құқық және заң саласындағы мәселелер бойынша қабылданған меморандумдар жүзеге асырылуы қажет. Иран мен Қазақстан киберлік қылмыстар, есірткі заттар және лаңкестікпен күресте әріптестік жасай алады" деді.
Иранның Әділет министрі Мұстафа Пурмухаммади да бүгін Қазақстан Республикасының Бас прокурорымен кездесуінде: "Иран мен Қазақстанның түрлі деңгейдегі қарым-қатынастары жақсы дамыды. Бұл үдеріс жалғасуда" деді.
Қазақстан Респубилкасының Бас прокуроры осы отырыста ИИР мен Қазақстанның қарым-қатынастарына тоқталып: "Заң және құқық салаларындағы байланыстарды, сондай-ақ, экономикалық ынтымақтастықтарды кеңейту үшін жағдай жасалды" деді.