Ақ үйдің алдында АҚШ туы өртелді
https://parstoday.ir/kz/news/world-i42627-Ақ_үйдің_алдында_АҚШ_туы_өртелді
Америкалық бірақатар наразылар АҚШ-тың тәуелсіздік күніне байланысты Трамптың сөз сөйлеуінен бұрын Ақ үйдін алдында өз елі туын өртеді.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Шіл 05, 2019 13:55 Asia/Almaty
  • Ақ үйдің алдында АҚШ туы өртелді

Америкалық бірақатар наразылар АҚШ-тың тәуелсіздік күніне байланысты Трамптың сөз сөйлеуінен бұрын Ақ үйдін алдында өз елі туын өртеді.

Америкалық «Факсньюс» арнасының ғаламтор порталының мәліметінше, Дональд Трамптың АҚШ-тың тәуелсізік күніндегі сөзінен бұрын оның қарсыластары мен жақтастарының арасында қақтығыс орын алды. Бұл мәлімет бойынша, кейбір наразылар АҚШ туын өртеп, «АҚШ еш уақытта үлкен болмаған» деген ұран айтты. Трамптың қарсыластары тобы АҚШ Президенті мен соғысқа қарсы ұранданды. АҚШ полициясы шерушілердің үшеуін тұтқындады. АҚШ Президенті Дональд Трамптың саясаттарына наразылық білдірушілер АҚШ-тың тәуелсіздік күнінде Вашингтонда «Дональд Трамп балдырған» деген әуе шарын ұшырды. Бұл шар АҚШ Президентінің саясаттарына наразы британиялықтардың Лондонда ұшырған әуе шарына өте ұқсас.