Шіл 15, 2019 21:20 Asia/Almaty
  • Трамп АҚШ Конгресінен қара нәсілділерді шығарғысы келеді

АҚШ үкіметінің нәсілшіл және ксенофобиялық саясаттарының жалғасында бұл елдің Президенті Дональд Трамп АҚШ Конгресіндегі қара нәсілділерге өз елдеріне қайтуды ұсынды.

Трамп твитінің бірінде Конгрестің бірқатар әйел мүшелеріне қарсы: "Неге бұл адамдар өздерінің негізгі елдеріне оралып, қылмыстары бастан асқан елдеріндегі қиындықтарын шешуге көметеспейді. Елдеріне оралып, бұл мәселені шешіп, содан соң бізге қандай жұмыс жасағандары туралы айтып берсін. Ненси Пелосидің сендерге тегін сапар шегуге көмектесуге өте қуанышты болатынына сенімдімін",- деп жазды. Трамп өз твитінде бұл адамдардың есімдерін атамағанымен, бұл сөздерінің ата-анасы Пуэрто-Рикодан келген Александрию Окасио-Кортес, АҚШ-қа бала кезінде Сомалиден келген Ильхан Омар мен негізі палестиналық Рашиду Тлаибке байланысты екені белгілі.  Демократтардың бұл тобы АҚШ Конгресіндегі Трамптың қатаң сынаушылары саналады. Осы кезде Трамп кейбіреулері қара нәсілді және негіздері шетелдік сыншыларды АҚШ-тан шығарып жіберуді талап етті. Өкілдер мәжілісі демократтардың бақылауына түскен АҚШ-тың қазіргі Конгресі Трамп үкіметіне бағдарламаларын іске асыруына кедергі болып отыр. Конгресс пен Ақ үйдің қайшылықтары бірнеше ай бұрын үкімет жұмыстарының 21 күнге тоқтатылуына себеп болды. Бұл демалыс күндері Трамп тіпті Өкілдер мәжілісінің спикері Ненси Пелосиге шетелдік сапарға шығуға рұқсат етпеді. Осы кезде Трамп пен демократтардың қайшылықтары саяси-партиялық шекарадан шығып, расистік реңкке иеленді.

Ненси Пелоси Трамптың твитіне реакция білдіріп: "Трамп АҚШ Конгресінің төрт әйел мүшесіне елдеріне оралу туралы айтқан кезде, "АҚШ-тың айбының қайтару" деп аталған жобасының "АҚШ тек ақ нәсілділер үшін" деген жоба болғанын растады",- деп жазды. Әрине бұл АҚШ Президентінің нәсілшіл және ксенофобиялық алғашқы сөздері емес. Трамп 2015 жылы өзінің сайлау компаниясын мексикалықтарды АҚШ-тан шығару уәдесімен бастаған. Содан соң АҚШ-қа мұсылмандардың енуіне тыйым салуы туралы уәде берді. Президенттік кезеңінің бірінші аптасында Трамп бірнеше исламдық елдің азаматтарына АҚШ-қа енуге тыйым салуды бұйырып, жалғасында мигранттарға қарсы саясатты ұстанды.  Мексика  шекараcында дуал құрылысын жүргізу, мигранттарға қарсы нөлдік толеранттылық саясатты іске асыру, баспана іздеген адамдардың балаларын бөлу және Америка өңтүстік шекарасында  тозақ лагерлерін құру Трамптың шешімдерінен болды. Трамп тіпті Шарлотсвиллдегі   нәсілдік теңдікі ұстанған белсендіні өлтіру қылмысты айыптаудан бас тартты.  Осы кезде Трамп Конгрестің әйел қара нәсілді өкілін Америкадан шығаруды талап етті.

 

Тегтер