АҚШ Конгресі Иранның активтерін бұғаттау жобасын бекітті
АҚШ Өкілдері мәжілісі Люксембург банкілерінде сақталатын ирандық активтерден 1,68 миллард долларды тәркілеу жобаны бекітті.
«Фарс» ақпарат агенттігінің мәліметінше, АҚШ Өкілдері мәжілісі сәрсенбі кешке 1983 жылы Бейруттегі АҚШ теңіз жаяу әскерилері орталығындағы бомба жарылысының құрбандары отбасыларына шығындарын төлеу үшін Иранның активтерін тәркілеуге рұқсат ететуді сұрайтын жобаны бекітті. Бұл жоба 397 «оң» және 31 «қарсы» дауыспен АҚШ Өкілдер мәжілісінде бекітілді.
Люксембург соты наурыз айында АҚШ соттарының Бейруттегі АҚШ теңіз жаяу әскерилері орталығындағы бомба жарылысының құрбандары отбасыларына шығындарын төлеу үшін Иранның активтерін тәркілеу талпыныстарын халықаралық заңдарға қайшы деп тауып, оны қабылдамаған болатын.