Ирандық танкер Жерорта теңізіне қарай бағыт алды
https://parstoday.ir/kz/news/world-i43069-Ирандық_танкер_Жерорта_теңізіне_қарай_бағыт_алды
Иранның Айлақтар және теңіз қатынасы ұйымы басшысының орынбасары: «Grace-1 танкері Жерорта теңізіне қарай бағыт алды», деді.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Там 16, 2019 10:16 Asia/Almaty
  • Ирандық танкер Жерорта теңізіне қарай бағыт алды

Иранның Айлақтар және теңіз қатынасы ұйымы басшысының орынбасары: «Grace-1 танкері Жерорта теңізіне қарай бағыт алды», деді.

Иранның Айлақтар және теңіз қатынасы ұйымы басшысының орынбасары Джалил Ислами бейсенбі күні кешке Al-Alam телеарнасына берген сұхбатында: «Grace-1 танкері босатылып, Гибралтар аймағының суларынан шығар алдында көптеген талпыныстардың арқасында осы ирандық танкердің жұмыскерлері босатылды»,‑деді.

Джалил Ислами: «Гибралтар аймағы басшыларында ирандық танкерді ұстап тұруға ешқандай сылтау қалмады»,‑деді.  

Джалил Ислами Иранның әу баста‑ақ Grace-1 танкері мақсатының Сирия еместігін айтқанына тоқталып: «Ормуз бұғазында британдық танкердің тұтқындалуының себебі Иранның теңіздегі шекарасын бұзу болып табылады»,‑деді.

АҚШ‑тың бүлдіргі әрекеттері мен Ұлыбритания үкіметінің қайшылық тудырушы шараларына қарамастан, Гибралтар аймағының жоғары соты бейсенбі күні Иран мұнайын тасымалдайтын Grace-1 танкерін шұғыл түрде босатуға үкім шығарды.