«Адриан Дарья» ирандық танкерінің Гибралтардан шыққаны расталды
ИИР ның Ұлыбританиядағы елшісі дүйсенбі күні таңертең Twitter дегі жеке парақшасында Иран мұнайын тиеген танкердің Гибралтардан қозғалғанын хабарлап: «Гибралтар бұғазында 45 күн тұтқында болған танкер халықаралық суларға қарай бағыт алды», деді.
IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Хамид Баидинежад: «Әлемдік және аймақтық қоғамдық пікір мен саясаткерлердің бұл оқиға қатты көңіл бөлуі осы бірнеше күнде атқарылған шаралардың маңызды халықаралық, саяси және құқықтық нәтижелерін көрсетті»,‑деді.
Al-Jazeera ақпарат агенттігі бұл танкердің атын өзгерткен соң Грекияның Каламата аралына қарай бағыт алғанын хабарлады.
Кемелердің қозғалыс бағытын бақылауға арналған «Марин Трафик» электронды ақпараттық сайты да бұл танкердің Гибралтар жағалауынан шығып, оңтүстікке қарай бағыт алғанын хабарлады.