Иран Ормуз бұғазының қауіпсіздігін қамтамасыз етеді
https://parstoday.ir/kz/news/world-i43132-Иран_Ормуз_бұғазының_қауіпсіздігін_қамтамасыз_етеді
"Барша жұрт Ормуз бұғазынан өтуге ерікті. Иран оның қауіпсіздігін қамтамасыз етеді"
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Там 21, 2019 18:05 Asia/Almaty
  • Иран Ормуз бұғазының қауіпсіздігін қамтамасыз етеді

"Барша жұрт Ормуз бұғазынан өтуге ерікті. Иран оның қауіпсіздігін қамтамасыз етеді"

Ислам революциясы Сақшылар корпусы Теңіз күштерінің қолбасшысы адмирал Әлиреза Тәнгсири сейсенбі күні  Иранның оңтүстігіндегі Бандар-Аббас қаласында елдің Қорғаныс министрлігіне қарасты теңіз өнеркәсібін аралау барысында осы жайтқа тоқтала келіп: "ИИР трансаймақтық елдердің Парсы шығанағына бейберекеттік пен тынышсыздық орнатып, қауіп төндіру үшін кіретін кемелеріне қарсы тұрып, аймақтың қауіпсіздігін сақтау миссиясын атқарады",-деді.

Ормуз бұғазы мен Парсы шығанағындағы қауіпсіздік халықаралық және аймақтық қауіпсіздік теңгерімінде стратегиялық маңыздылыққа ие. Сол себепті ешбір заң бұзушылыққа кешірім жасалмайды.

ИИР Парсы шығанағы аймағындағы өзінің қауіпсіздік стратегиясына сәйкес трансаймақтық елдердің қауіпсіздік мәселесіне араласуына қарсы, Парсы шығанағының оңтүстігіндегі көршілес елдерді қауіпсіздікті сақтауды бөгделерге тапсырмай, қайшылық тудыратын шаралардан бас тартып, тату көршілестік қатынасты сақтауға шақырады.  

Осы арада ИИР-ның БҰҰ-дағы тұрақты өкілі Мәджид Тахтраванчи Парсы шығанағының қауіпсіздігін сақтауды жағалау маңындағы елдердің міндеті деп атап: "Шетелдік күштердің осы маңызды шығанақта болуы және ішкі іске араласуы тұрақсыздық тудырады. Сондықтан мұны қабылдауға болмайды",-деді.

Парсы шығанағы маңындағы кейбір араб елдерінің аймақ қауіпсіздігін бөгде елдерге тапсыруы трансаймақтық күштердің араласуына жол ашу дегенді білдіреді. АҚШ өзінің аймақ істеріне аралсуын түсіндіру үшін қауіпсіздік және экономика саласында екі сценарий жоспарлады. Қауіпсіздікке қатысты сценарий Парсы шығанағы мен Ормуз бұғазындағы кеме қатынасының қауіпсіздігі мен тұрақтылығын нысанаға алып отыр.

ИИР-ның осы екі сценарийге қатысты ұстанымы – АҚШ-тың қысымдарына қарсы тұру.

Иранның Ормуз бұғазы мен Парсы шығанағының қауіпсіздігіне қатысты саясаты тежеу және аймаққа төнген қауіп-қатерлерді жою болып табылады.  ИИР халықаралық заңдар мен ережелерге сәйкес өзінің қауіпсіздік және қорғаныс саласындағы күш-қуатын сын-қатерлерге сәйкес дамытады. Сондықтан егер коалиция құру Иранның аймақтағы мүдделеріне нұқсан келтіретін болса, мұның АҚШ, Ұлыбритания, Бахрейн, Сауд Арабиясы немесе ынта танытқан кез келген ойыншыға орасан зор шығын әкелетіні күмәнсіз.

Араб әлемінің танымал сарапшысы Абдулбари Атван коалиция құру мәселесіне тоқталып: "Араб басшыларының көзқарасына керісінше, америкалықтар мен сионистер араб елдерінен баж алу үшін Тель-Авивтің Парсы шығанағында болуға әзірлігін жариялау арқылы жаңа ойын бастады",-деді.

Кеме қатынасының еркіндігі мен қауіпсіздігін сақтау – Иранның ұлттық қауіпсіздік саласындағы маңызды мүдделерінің бірі. Ешкім бұл суларда Ирансыз қауіпсіздікті қамтамасыз ете алмайды. Бұл мәселе Зарифтің үш еуропалық елге сапары барысындағы келіссөздерде де баса айтылды.