Иран АҚШ тың Демократияны қорғау қоғамына санкция салды
https://parstoday.ir/kz/news/world-i43172-Иран_АҚШ_тың_Демократияны_қорғау_қоғамына_санкция_салды
ИИР СІМ сенбі күні кешке Демократияны қорғау қоғамы (FDD) мен оның басшысына АҚШ үкіметінің Иран халқына қарсы экономикалық лаңкестікке қатысқаны үшін санкция салды.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Там 25, 2019 19:09 Asia/Almaty
  • Иран АҚШ тың Демократияны қорғау қоғамына санкция салды

ИИР СІМ сенбі күні кешке Демократияны қорғау қоғамы (FDD) мен оның басшысына АҚШ үкіметінің Иран халқына қарсы экономикалық лаңкестікке қатысқаны үшін санкция салды.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, ИИР СІМ өз мәлімдемесінде «Демократияны қорғау қоғамы» деп аталатын Иранға қарсы лобби мен оның басшысы Иран халқының қауіпсіздігі мен маңызды мүдделеріне зиян тигізу бағытында белсенді түрде талпыныстар жасап жатқанын айтып: «АҚШ‑тың аймақтағы лаңкестік және авантюристік шаралары және адам құқығын бұзу фактілерімен күресу туралы» заңның 4‑бабының бірінші ескертуі және 5‑бабының бірінші ескертуінде белгіленген міндеттерді орындау аясында бұл қоғам мен оның басшысы Марк Дубовитц санкциялық тізімге енгіздік»,‑деді.