Қырым: Иран біздің айлақтарымызды өз мұнайын экспорттау үшін пайдалана алады
https://parstoday.ir/kz/news/world-i43202-Қырым_Иран_біздің_айлақтарымызды_өз_мұнайын_экспорттау_үшін_пайдалана_алады
Қырым түбегі Министрлер кеңесі төрағасының орынбасары сейсенбі күні: "Ислам республикасы осы аймақтың айлақтары арқылы өз мұнайын экспорттай алады",-деп хабарлады.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Там 28, 2019 10:47 Asia/Almaty
  • Қырым: Иран біздің айлақтарымызды өз мұнайын экспорттау үшін пайдалана алады

Қырым түбегі Министрлер кеңесі төрағасының орынбасары сейсенбі күні: "Ислам республикасы осы аймақтың айлақтары арқылы өз мұнайын экспорттай алады",-деп хабарлады.

IRNA ақпарат агентігінің хабарлауынша, Георгий Мурадов: "Иран мұнайын Қырым түбегі арқылы экспорттау Ресей мен ИИР арасындағы әріптестіктің бір саласы бола алады",-деп еске салды.

Мурадов АҚШ-тың қысымдары салдарынан ирандық кемелерге Суэц каналынан өтуге тыйым салынғанына тоқталып: "Иран осындай жағдайда өз мұнайын Волга өзені, Қырым түбегі мен Қара теңіз арқылы тасымалдай алады",-деді.   

Қырым түбегі Министрлер кеңесі төрағасының орынбасары: "Иран мен Қырым түбегі арасындағы қарым-қатынас  АҚШ-тың Иран мен Ресейге қарсы жауластық шараларын ескере отырып, даму үстінде",-деді.