Қазақстан Президенті Нью-Йоркте БҰҰ Бас хатшысымен кездесті
Қазақстан Президенті мен БҰҰ Бас хатшысы АҚШ-та осы ұйым Бас ассамблеясының саммиті аясында кездесті.
Fars News агенттігінің хабарлауынша, Қасым-Жомарт Тоқаев кездесуде БҰҰ-ның халықаралық тұрақтылық пен қауіпсіздікті сақтаудағы, халықаралық қайшылықтардың алдын алып, оларды шешудегі түбегейлі рөліне тоқталып, Гутерриштің ұйымды қазіргі жағдайға сәйкестендіру үшін жасап жатқан талпыныстарын қолдады. Тоқаевтың айтуы бойынша, Қазақстан БҰҰ-ның 2030 жылға дейінгі тұрақты даму мақсаттарын орындауға әзір. Өйткені олар осы елдің экономикалық және әлеуметтік жаңарту бағдарламаларымен үйлеседі.
Гутерриш Қазақстанның БҰҰ-мен тұрақты даму мақсаттары аясындағы әріптестігін оң бағалап, Нұр-Сұлтанның жаһандық антиядролық бағдарламаны ілгерілетудегі көрнекті рөлі мен бұл елдің аймақтық қайшылықтарды шешуге қосқан қомақты үлесін, соның ішінде Сирияға қатысты «Астана» бейбіт үдерісі аясындағы шараларын атап өтті.
БҰҰ Бас хатшысы Қазақстан Президентіне Алматы қаласында халықаралық ұйымдар ғимаратын ашқанына алғыс айтты. Бұл ғимаратта осы ұйымның 16 аймақтық кеңсесі орналасқан.