Ұлыбритания АҚШ-тың санкцияларын елемеді
https://parstoday.ir/kz/news/world-i43709-Ұлыбритания_АҚШ_тың_санкцияларын_елемеді
Ұлыбритания үкіметі үшінші елдің көмегімен Иранның "Мелләт" банкіне өтемақы төлеу арқылы АҚШ-тың Иранға қарсы санкцияларын елемеді.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Қаз 05, 2019 12:20 Asia/Almaty
  • Ұлыбритания АҚШ-тың санкцияларын елемеді

Ұлыбритания үкіметі үшінші елдің көмегімен Иранның "Мелләт" банкіне өтемақы төлеу арқылы АҚШ-тың Иранға қарсы санкцияларын елемеді.

 

The London Times газетінің жұма күнгі хабарлауы бойынша, Ұлыбритания үкіметі үшінші елді пайдаланып, Иранның "Мелләт" банкіне өтемақы ретінде 1 млрд 250 мың фунт стерлинг төлеу арқылы бұл банктің Лондон үкіметінің оған қарсы заңсыз шарасы туралы істі сотта талқылауды жалғастырудан бас тартуын көздеді.  

Ұлыбритания Қаржы министрлігі бейсенбі күні осы сома төленгеннен кейін сот ісі тоқтатылады деп келісілгенін хабарлады.

Ұлыбритания Қаржы министрлігі 2009 жылы жалпы үлесінің 17 пайызы Иран үкіметіне тиесілі Мелләт банкін осы елдің ядролық бағдарламасына қатысты деген айыппен санкциялар тізіміне енгізген болатын.

Иранның Ұлыбританиядағы елшісі Хамид Баидинежад сот шешімінің нәтижесі мен Ұлыбритания Қаржы министрлігінің Иранның "Мелләт" банкіне өтемақы төлеуін Иран үшін құқық саласындағы маңызды жетістік деп атады.