ТМД елдері басшыларының саммиты алты ынтымақтастық құжатына қол қоюмен аяқталды
ТМД елдерінің басшылары Түркіменстанның Ашхабад қаласындағы біркүндік саммиттің соңында алты ынтымақтастық құжатына қол қойып, Өзбекстанды келесі саммитті өткізетін ел ретінде сайлады.
Экономикалық және қауіпсіздік салаларындағы ынтымақтастықтар, терроризм және экстремизммен күрес, АҚШ-тың қысымдары мен санкциялары және сауда соғыстарының салдарлары алдында қорғаныс әлеуеттерін нығайту, тіпті Сирия жеріне жасалған басқыншылық Ашхабад саммитінің басты тақырыптарының қатарын құрады. Отырыс жабық есік аясында тілшілердің қатысуынсыз өтті.
ТМД елдері басшылары кеңесінің келесі жылғы төрағалығын тапсыру тақырыбы Ашхабад саммитінде талқыланған мәселердің бірі болды. Келесі отырыс 2020 жылдың 16 қазанында Ташкентте өтеді.
Бұдан бұрын 2016 жылдың желтоқсан айында Шавкат Мирзиеёв билік басына келгеннен кейін Ташкент үкіметі ТМД елдері кеңесінің төрағалығын алу мақсатында еселене талпыныс жасауды күн тәртібіне қойды. Шын мәнінде Шавкат Мирзиеёвтің ТМД елдері кеңесінің төрағалығын алуға талпыныс жасауы басқа факторлардан артық Ташкент үкіметінің осы ұйымға мүше елдермен әріптестік жасауға мүдделі екенін көрсетеді.
Бұл шара Шавкат Мирзиеёв бастаған Өзбекстан үкіметінің Ресей мен аймақтың басқа елдерімен әріптестік жасауға ынтасының белгісі. Осындай жағдайда Батыс елдері басшыларының, соның ішінде АҚШ басшыларының Ташкентке сапарынан кейін Өзбекстан үкіметі Батыс елдерімен әріптестік жасауды қалайды деген пікір қалыптасты. Алайда Өзбекстан Президентінің ТМД ұйымын басқаруға өтініш білдіруінен бұл елдің басты басымдығы бұрынғы Шығыс блогындағы елдермен әріптестік жасау екенін көруге болады.
Мұнымен қоса, Шавкат Мирзиеёвтің 2020 жылы ТМД ұйымын басқаруға өтініш білдіруі Өзбекстан үкіметінің аймақтық теңгерімде басқа бәсекелестерден қалып қоюды қаламайтынын да білдіреді. Өзбекстан мен Қазақстан Орта Азия елдеріне көшбасшылық ету үшін бәсекелесіп жатқан аймақ елдері болып табылады. Алайда Ташкент үкіметінің Нұр-Сұлтан үкіметімен салыстырғанда аймақтық және халықаралық қарым-қатынаста азырақ рөл атқарғанына байланысты шын мәнінде Өзбекстан осы саладағы бәсекеге толығымен кіру үшін қажет шарттар мен әлеуеттерге ие емес.
Алайда ТМД ұйымын басқару Өзбекстанның Орта Азия аймағындағы салмағын арттыратыны күмәнсіз.
Жалпы Батыс елдері, әсіресе АҚШ-тың ТМД-ға мүше кейбір елдерге ықпалына қарамастан Ашхабад отырысының осы ұйымға мүше елдердің НАТО-ның Шығысқа қарай таралуына тосқауыл қою және Ресеймен интеграция сияқты мақсаттарға қол жеткізуге әлі де мүдделі екенін айқын танытқанын айту керек.