Ирандық режиссер АҚШ фестивалінде үздік режиссер атанды
Қысқа метражды «Жаңбыр сен үшін жауады» фильмінің режиссері Мұхаммад-Мәһди Делхосте АҚШ-тағы Golden Picture International Film халықаралық фестивалінің үздік режиссер номинациясының жеңімпазы атанды.
ИРНА ақпарат агенттігінің мәліметінше, АҚШ-тағы Golden Picture International Film фестивалі – қазылар алқасы ай сайын үздік фильмдерді марапаттайтын жылдық оқиға. Қысқа метражды «Жаңбыр сен үшін жауады» фильмі 2019 жылдың қазан айында аталмыш фестивальдің төрешілері таңдаған фильм. Бұл фильм бұдан бұрын Лондон, Қытай, Италия және Бразилия фестивальдеріне қатысты. Фильмнің қысқаша аннотациясында: «Сарғайған жапырақтардың жерге түсуінің себебі күз емес. Сен бұл көшелерден өтесің, сондықтан жапырақтар сенің жолыңа кілемдей төселу үшін бір-бірімен бәсекелесуде. Торғайлар шырылдамайды, олар саған «қош келдің» деп айту үшін ұжымдық жаттығу жүргізуде»,- деп жазылған.