Иран мен Қазақстан арасындағы сауда айналымы 1 миллиард долларға артады
Иранның Сауданы дамыту ұйымының басшысы Иран мен Қазақстан арасындағы сауда айналымының 1 миллиард долларға артатыны туралы хабарлады.
Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, Иранның Сауданы дамыту ұйымының басшысы Валиолла Афхамирад: «Қазақстанның Иранмен қарым-қатынасын кеңейту жігері негізінде ирандық бизнесмендер бұл жағдайды толық пайдаланып, Қазақстанда жұмысты бастауы керек»,- деді.
Афхамирад Иранның экономикалық қайраткерлерінің Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев және онымен бірге келген экономикалық делегациямен өткізген отырысқа тоқталып: «Назарбаев отырыста ирандық компаниялар Қазақстанда жұмысқа кірісуі үшін визалық мәселені тез арада шешуге қолдау көрсететін мәлімдеді. Қазақстан инфрақұрылымдық бөлімдер бойынша ирандық компанияларды қажет етеді» деді.