Иран мен Қазақстан арасындағы сауда айналымы 1 миллиард долларға артады
https://parstoday.ir/kz/news/world-i4435-Иран_мен_Қазақстан_арасындағы_сауда_айналымы_1_миллиард_долларға_артады
Иранның Сауданы дамыту ұйымының басшысы Иран мен Қазақстан арасындағы сауда айналымының 1 миллиард долларға артатыны туралы хабарлады.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Сәу 13, 2016 11:05 Asia/Almaty
  • Иран мен Қазақстан арасындағы сауда айналымы 1 миллиард долларға артады

Иранның Сауданы дамыту ұйымының басшысы Иран мен Қазақстан арасындағы сауда айналымының 1 миллиард долларға артатыны туралы хабарлады.

Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, Иранның Сауданы дамыту ұйымының басшысы Валиолла Афхамирад: «Қазақстанның Иранмен қарым-қатынасын кеңейту жігері негізінде ирандық бизнесмендер бұл жағдайды толық пайдаланып, Қазақстанда жұмысты бастауы керек»,- деді.

Афхамирад Иранның экономикалық қайраткерлерінің Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев және онымен бірге келген экономикалық делегациямен өткізген отырысқа тоқталып: «Назарбаев отырыста ирандық компаниялар Қазақстанда жұмысқа кірісуі үшін визалық мәселені тез арада шешуге қолдау көрсететін мәлімдеді. Қазақстан инфрақұрылымдық бөлімдер бойынша ирандық компанияларды қажет етеді» деді.