Еуразия конференциясы Теһранда өтеді
Қар 29, 2019 12:59 Asia/Almaty
Иранның Сауданы дамыту ұйымы ирандық бизнесмендер мен экспортпен айналысатын кәсіпкерлерді Еуразия экономикалық одағына мүше елдерге таныстыру үшін Теһранда «Еуразия» тақырыбында конференция өткізеді.
Еуразия конференциясы 1 желтоқсанда Теһрандағы Халықаралық көрмелер өтетін кешеннің Парсы шығанағы ғимаратының Иранзамин салонында өтеді. Бұл конференцияға Еуразия экономикалық одағының басшысы Тигран Саргсян мен Иранның Энергетика министрі әрі Иран-Ресей ынтымақтастық ортақ комиссиясының ирандық басшысы Реза Ардканиан қатысады.
Еуразия экономикалық одағы мен ИИР арасында азат сауда аймағын құру туралы келісімге ағымдағы жылдың 17 мамырында Қазақстанның астанасында қол қойылды.
Тегтер