Рухани: Американың Иранға қарсы санкцияларының ешкімге пайдасы жоқ
(last modified Sat, 21 Dec 2019 11:02:13 GMT )
Жел 21, 2019 17:02 Asia/Almaty
  • Рухани: Американың Иранға қарсы санкцияларының ешкімге пайдасы жоқ

ИИР президенті Хасан Рухани Американың «Ортақ қадам» келісімінен заңсыз шығуының не Американың өзіне, не осы келісімдегі тараптардың ешқайсы үшін пайдасы болмағанын, санкцияның «ұтылыс-ұтылыспен» бетпе бет келгенін айтты.

Хасан Рухани кеше жұма күні Жапония премьер-министрі Синдзо Абэмен өткізген келіссөзде «Барлық елдер БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің №2231 резолюциясына табанды болуы керек. Американың Иранға қарсы санкциялары экономикалық лаңкестіктің бір түрі саналады. Лаңкестікпен күресіп жаатқан елдер осы әрекетпен де қарсыласуы керек. Иран «Ортақ қадамды» өз мүддесін қамтамасыз ету шеңберінде жүзеге асырды. Оны орындауды жалғастырады. «Ортақ қадамның» басқа тараптарынан да өз міндеттемелеріне берік болуды күтеді. Америка осы келісімнен шығып, еуропалықтар келісімдегі міндеттерін орындауда қауқарсыздық танытқаннан кейінгі Иранның кезең-кезеңмен өз міндеттерін азайтуы келісімнің бабына сай», -  деді.

Синдзо Абэ де елінің Иранмен байланыстарын барлық салада арттыруды қалайтынын мәлімдеді.