АҚШ-тың мүддесін қорғаушы Иран СІМ-не шақыртылды
(last modified Thu, 02 Jan 2020 11:23:24 GMT )
Қаң 02, 2020 17:23 Asia/Almaty
  • АҚШ-тың мүддесін қорғаушы Иран СІМ-не шақыртылды

Швейцарияның Ирандағы елшісі міндетін атқарушы АҚШ-тың мүддесін қорғаушы ретінде осы елдің Ирактағы өзгерістерге қатысты позицияларына байланысты Иран СІМ-не шақыртылып, оған ИИР-ның АҚШ басшыларының соғысқұмар әрі БҰҰ жарғысына қайшы сөздеріне қатысты наразылығы жарияланды.

ИИР СІМ-нің ақпарат департаментінің хабарлауынша, Иран Сыртқы істер министрінің көмекшісі Мохсен Баһарванд сәрсенбі күні Теһранда Швейцарияның Ирандағы елшісі міндетін атқарушысымен кездесуінде Ирак халқының өз жеріне басқыншылық жасап, жастарын өлтіретін елге реакция білдіретінін айтып: "АҚШ басшылары өз кінәсін өзгеге жабуды және Иранға негізсіз айып тағуды доғарғаны дұрыс",-деді.

Иран Сыртқы істер министрінің көмекшісі: "Иран соғысқұмар ел емес, бірақ қандай да бір қоқан-лоққы мен жөнсіз әрекет алдында қол қусырып қарап қалмай, бар күшімен өзін қорғайды",-деді.