Трамп Иранның АҚШ-тан кек алуынан қорқып, қоқан-лоққыға жүгінді
АҚШ-тың Бағдадта Ислам революциясы Сақшылар корпусының «Құдс» арнайы жасағының қолбасшысы қажы Ғасем Солеймани мен Ирактың «Хашд әш-Шааби» халықтық күштерінің басшысы Абумаһди әл-Моһандес пен олардың серіктерін шәһид еткен заңсыз қылмысы Иранның қатаң реакциясына ұшырады. Иран АҚШ-тан қатаң кек алуға серт берді. Бұл АҚШ Президенті Дональд Трамптың үрейін ұшырды.
АҚШ-тың Бағдадта Ислам революциясы Сақшылар корпусының «Құдс» арнайы жасағының қолбасшысы қажы Ғасем Солеймани мен Ирактың «Хашд әш-Шааби» халықтық күштерінің басшысы Абумаһди әл-Моһандес пен олардың серіктерін шәһид еткен заңсыз қылмысы Иранның қатаң реакциясына ұшырады. Иран АҚШ-тан қатаң кек алуға серт берді. Бұл АҚШ Президенті Дональд Трамптың үрейін ұшырды.
АҚШ Президенті 4 қаңтарда ИИР-нің қатаң кегінен қорқып, Twitter-дегі жеке парақшасында Иранға қоқан-лоққы жасап, көп жыл бұрын Иранда ұсталған америкалық 52 тұтқынның санына сәйкестендіріп: "Біз Иран мен оның мәдениеті үшін өте маңызды, 52 құнды объектіні нысанада ұстап тұрмыз. Иранның өзі мен осы объектілеріне жылдам әрі қатты шабуыл жасалады. АҚШ ендігәрі ешбір қоқан-лоққыға төзбейді",-деді.
Трамп шын мәнінде Иранның мәдени мұрасы мен ескерткіштеріне шабуыл жасап, жою туралы жаңа қоқан-лоққысымен АҚШ-тың үстемшіл болмысын бетпердесіз әшкерелеп, мәдени ескерткіштерге басқыншылыққа тыйым салатын халықаралық заңдар мен ережелерді елемейтінін ашық көрсетіп отыр. Халықаралық заңдарға қайшы сардар Солейманиді қастандықпен өлтіру арқылы үлкен қылмыс жасаған АҚШ қазір Ираннан бұл мәселені аяқталған іс ретінде қабылдауды сұрап отыр. Теһран үкіметінің АҚШ-тың бұл өтінішіне қатаң кек алумен жауап беруі Трамптың үрейін ұшырды. Ол Иранның ашуын басу үшін атқарған шараларының сәтсіздігін ескеріп, Иран мен қарсыласу қозғалысының кек алу шараларынан қорқынышын жасыру үшін және Теһранды қорқыту мақсатында бұрын-соңды болмаған қоқан-лоққы жасады.
Басқа мәселе мынада: Трамптың ұстанымдары мен шаралары тіпті АҚШ Конгресі мен оның саяси бәсекелестерінің де алаңдаушылығын тудырып отыр. Олар Трамптың Иранға қатысты ақылсыз саясаттарының салдары туралы қатаң ескерту жасады.
Трамптың ұстанымдары мен әрекеттері тіпті америкалық сарапшылардың наразылығын тудырып, көңілдерін қалдырды. Олар да мұндай сөздерге төзбейтінін айтып жатыр. "Атлантикалық кеңес" институтының аға мүшесі әрі көрнекті америкалық тілші Барбара Славин Twitter-дегі жеке парақшасында: "Трамптың Twitter-дегі парақшасынан шығамын. Шынымен, бұдан ары шыдай алмаймын. Оның Иранның ежелгі мұрасын жою туралы жазбасын мүлде қабылдауға болмайды. АҚШ саясатының мақсаты не? Онда белгілі бір саясат бар ма? Әлде бұл бір кішкентай адамның шектен тыс тәкаппарлығынан туындап отыр ма?"-деп жазды.