Гуттериш коронавируспен күресу саласында Иранға халықаралық қолдау көрсетуді сұрады
БҰҰ Бас хатшысы бұл ұйымның қаармағындағы органдар мен әлем мемлекеттерінен коронавируспен күресу саласында Иранға көмектесуді сұрады.
Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің мәліметінше, Антонио Гуттериш Иранға дәрі-дәрмек жіберу саласындағы қиындықтардан хабардар екенін баяндап: «БҰҰ мүмкіндігіне орай коронавируспен күресуге көмектеседі»,- деді. Иран Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зариф кеше, бейсенбі күні көшірмесін халықаралық ұйымдар басшылары мен бүкіл елдердің Сыртқы істер министрлеріне жіберген БҰҰ Бас хатшысына жолдаған хатында коронавируспен күресу үшін АҚШ-тың Иранға қарсы біржақты санкциларының күшін жою қажеттілігін қуаттады. Зариф бұл хатында: «Иранның денсаулық сақтау жүйесінің ғылыми әлеуеті мен коронавируспен күресу ерік-жігеріне қарамастан АҚШ-тың заңды сауда қатынасына санкция енгізуі мен Вашингтонның дәрі-дәрмек пен медициналық жабдықтар сату мен гуманитарлық көмектерге тыйым салуы Ирандағы коронавирустың таралуымен күресу талпыныстарды шынайы қиындықтарға тіреді»,- деп жазды.