ДДСҰ коронавирус дағдарысына қатысты ескерту жасады
Сәу 11, 2020 16:20 Asia/Almaty
ДДСҰ-ның бас директоры әлемде коронавирусқа шалдыққан адамдардың, олардың ішінде дәрігерлер санының артуына алаңдаушылық білдірді.
Reuters агенттігінің хабарлауынша, Тедрос Адханом Гебрейесус жұма күнгі баспасөз отырысында: «Дүниежүзінде 1,6 миллионнан астам адам коронавирусқа шалдығып, 100 мыңнан астам адам қайтыс болды. Мен дәрігерлер мен медбикелер арасында коронавирусты жұқтырғандар санының артуына алаңдаймын. Статистика кейбір мемлекеттерде медперсоналдың 10 пайызының коронавирусқа шалдыққанын көрсетеді»,- деді. Ол сондай-ақ, карантинды ерте тоқтатудың салдарлары жөнінде ескерту жасады.