Коронавирусқа байланысты Трамп Қытайға қарсы тағы қоқан-лоққы жасады
АҚШ-та коронавирустың жаппай таралуы оны әлемде вирус тараған ең ірі елге айналдырып, Дональд Трампқа қарсы өткір сынның айтылуына себеп болды. Қазіргі таңда Трамп осы қиын жағдайдан құтылу және президенттік сайлауға қажет шартқа ие болу үшін Қытайды кінәлі деп көрсетіп, оған қысым жасауға күш салып жатыр.
Трамп сәрсенбі күні кешке өткен баспасөз конференциясында коронавирустың таралғанына байланысты Қытайды тағы сынап: «Мен сенатор Линдси Грэмның коронавирустың таралуына байланысты Қытайды жазалау қажет деген пікірін қолдаймын. Тіпті бұл тақырыпты қарастырамын»,-деді.
Трамптың Қытайға қарсы жаңа қоқан-лоққысы коронавирустың таралуына осы елді кінәлі санауынан туындап отыр. АҚШ үкіметінің басшылары, соның ішінде Мемлекеттік хатшы Майк Помпео да Трамп сияқты қатынас ұстанып, Бейжіңді коронавирусқа қатысты ұдайы кінәлап, одан өтемақы алуды талап етеді. АҚШ-тағы коронавирус дағдарысына байланысты Трамп үкіметі өзінен жауапкершілікті алып тастау үшін ашық түрде алға қашу тактикасын жүргізуде.
Конгрестегі кейбір заң шығарушылар Трамп үкіметінің бұл талпынысын қолдайды. Өткен күндері америкалық сенаторлар тобы: «Сенатқа бір заң жобасын ұсынып, Қытай Уханьдағы коронавирус жағдайына қатысты жан-жақты есеп беруден бас тартқан жағдайда АҚШ Президентіне Қытайға санкция салуға өкілеттік беруді сұрадық»,-деп мәлімдеген болатын. Вашингтонның Қытайға қысым жасау мақсатындағы бұл шарасы Бейжіңнің теріс реакциясын тудырды. Қытай СІМ-нің ақпарат хатшысы Чжао Лицзянь сәрсенбі күні америкалық сенаторлардың еліне қарсы ұсынған заң жобасына реакциясында: «Америкалық заң жобасын қатаң теріске шығарамыз. Олар Қытай туралы алдын ала болжау арқылы шындықтарды елемей, өздерінің коронавируспен күресе алмауын Қытайдан көруді қалап отыр. Мұны қабылдауға болмайды. Біз мұндай қатынасты қатаң сынға аламыз»,-деді.
Трамптың Қытайға қарсы айыптауларының бір бөлігі АҚШ халқының Қытайға қатысты теріс сезімін өз пайдасына пайдалануға бағытталған. Бұл сөз бұдан бұрын АҚШ-тың ұлттық ақпараттарды басқару ұйымы «жаңа коронавирус генетика тұрғысынан қолдан жасалған вирус емес» деп жариялаған жағдайда айтылды.
Трамп Ақ үйдегі сөзінің келесі бөлігінде Қытайды "АҚШ-тағы сайлауға араласуға талпынып жатыр" деп айыптап, өзінің президенттік сайлауда жеңіске жетпеуі үшін Қытай қолынан келгеннің бәрін істейтінін айтты.
Айғақтар АҚШ-та коронавирустың жаппай таралуы Трампты түйткілге ұшыратқанын көрсетіп отыр. Ол қазір президенттік сайлауда айыптыны тауып, өзінің тиімсіздігін ақтауға және америкалықтардың Қытайға қарсы сезімдерін пайдалануға тырысып жатыр. Трамп үкіметі үш ай өтсе де осы қатерлі вирусты ауыздықтай алмады. Сауалнамаларға сәйкес, АҚШ халқының жартысынан астамы Трамп үкіметінің коронавирус дағдарысымен күрес тәсіліне наразы.