Ресей: Агенттіктің Иранға қарсы қарары әсерсіз
Венада орналасқан халықаралық ұйымдардағы Ресейдің тұрақты елшісі Михаил Ульянов үш еуропалық мемлекеттің АҚХА Басқарма кеңесінде Иранға қарсы бекіткен қарарын негізсіз деп атап, Агенттіктің Иранмен ынтымақтастық жасап, сұхбаттасуын сұрады.
Ульянов Қытай мен Ресейдің қарарға теріс дауыс бергеніне тоқталып: «Біздің пікірімізше, бұл қарар сындарсыз. Теһран мен Агенттік кейінге қалдырмай, бұл мәселені шешуі керек»,- деді.
Атом Қуаты Халықаралық Агенттігінің Басқарма кеңесі бүгінгі кезеңдік отырысында еуропалық үш мемлекеттің ұсынысымен Иранға қарсы қарар бекітті. Қарарға дауыс беру ағымында Қытай мен Ресей «қарсы», жеті ел «қалыс» дауыс берді.
Венада орналасқан халықаралық ұйымдардағы Иранның тұрақты елшісі Казем Ғарибабади АҚХА Басқарма кеңесінің Иранның екі нысанды тексеруге рұқсат етпегенін сылтауратып, бекіткен қарарына реакция білдіріп: «ИИР Басқарма кеңесінің қарарымен толық келіспей, бұл шешімге тиісті реакция білдіреді»,- деді.