Мәскеу: АҚШ-тың Ауғанстандағы қауіпсіздік күштері есірткі контрабандасымен айналысады
Шіл 06, 2020 20:12 Asia/Almaty
Ресей үкіметінің Ауғанстан істері жөніндегі арнайы өкілі АҚШ-тың Ауғанстандағы қауіпсіздік күштерінің кейбір еуропалық мемлекеттерге есірткіні заңсыз тасымалдаумен айналысатынын әшкереледі.
Замир Кабулов ТАСС ақпарат агенттігіне берген сұхбатында: «Бізді айыптайтын АҚШ қауіпсіздік күштері өздері есірткті контрабандасымен айналысады. Олардың ұшақтары Қандағар мен Баграмнан кез келген жерге, олардың ішінде Германия мен Румынияға ешбір тексеріссіз ұшады»,- деп мәлімдеді.
АҚШ өткен күндері: «Ресей талибан күштеріне ақша төліп, оларды америкалық күштерді өлтіруге итермелейді»,- деп уәжденді. Талибан мен Ресей басшылары бұл уәждерді теріске шығарды.