АҚШ ДДСҰ-нан ресми шықты
(last modified Wed, 08 Jul 2020 08:27:59 GMT )
Шіл 08, 2020 14:27 Asia/Almaty
  • АҚШ ДДСҰ-нан ресми шықты

АҚШ Сенатының халықаралық қатынастар комитетінің аға мүшесі Боб Менендес сейсенбі күні елінің Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымынан (ДДСҰ) ресми шыққанын хабарлады.

 

Fars News ақпарат агенттігінің мәліметінше, Менендес Twitter-де: «Дональд Трамп Конгреске АҚШ-тың ДДСҰ-нан ресми түрде шыққанын жариялады»,- деп жазды. Боб Менендес Трамп үкіметінің бұл шешімін сынап: «АҚШ-тың ДДСҰ-нан шығуы америкалықтардың өмірін қорғамайды, керісінші көбірек қауіп-қатерге тірейді»,- деп мәлімдеді.

Дональд Трамп мамыр айының соңында АҚШ-тың ДДСҰ арасындағы қатынасын тоқтатынын жариялаған болатын.