Қазақстан Иранның кеме қатынасының мүмкіндіктерін пайдалануға ынта білдірді
Иранның кеме қатынасы компаниясының басшысы Қазақстанның Иран кеме қатынасының мүмкіндіктерін пайдалануға ынталы екендігін хабарлады.
ИИР Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Иранның кеме қатынасы компаниясының басшысы Мұхаммад Саиди сәрсенбі күні: «Иранның кеме қатынасы компаниясы мен «Қазақстан Темір жолы» ұлттық компаниясы арасында Ақтау (Қазақстан), Инче-Бурун (Иранның солтүстігі), Бандар-Аббас (Иранның оңтүстігі) және Қазақстанды еркін суларға қосу мақсатында Иранның солтүстігіндегі Анзали айлағында ортақ компания ашу туралы меморандумға қол қойылды»,-деді.
Иранның кеме қатынасы компаниясының басшысы, сондай-ақ, осы компания ие мүмкіндіктерді, соның ішінде 160-тан астам кеме мен әлемнің әртүрлі елдерінде: Оңтүстік-шығыс Азиядан бастап, Еуропаның солтүстігіне дейін әртүрлі компанияларға ие болуына байланысты Иран кеме қатынасының Қазақстанға көмектесу үшін құрамдас тасымалға дайын екендігін хабарлап, Каспий теңізіндегі ең үлкен теңіз флотының Иранға тиесілі екендігін қуаттады.