Там 17, 2020 22:36 Asia/Almaty
  • Еуропа одағы АҚШ-тың «Моше механизмін» қолдануына қарсылық білдірді

АҚШ-тың Иранға қарсы қару-жарақ санкцияын ұзарту туралы қарарын бекітуде жеңіліс табуы Вашингтонды басқа бір айланы, яғни «Моше механизмін қолдануға мәжбүрлеп отыр. Алайда Вашингтонның еуропалық серіктестері бұған қарсылық білдірді. №2231 қарар бойынша аталмыш санкция 2020 жылдың қазан айында күшін жояды.

Еуропа одағы жексенбі күні: «АҚШ «Моше механизмі» деп аталып, 2015 жылы «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасында белгіленен шешім жолы арқылы Иранға қарсы жаңа халықаралық санкциялар сала алмайды»,-деп мәлімдеді.

Еуропа одағының сыртқы саясат жөніндегі басшысы Жозеп Боррельдің ақпарат өкілі: «АҚШ 2018 жылдың мамыр айында біржақты негізде «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасынан шығып, одан кейін осы келісімге қатысты ешбір бағдарлама мен шараға қатыспағандықтан, бұл ел аталмыш келісімнің мүшесі санала алмайды. Сол себепті АҚШ ядролық келісімге қатысатын елдер үшін белгіленген механизмдерді қолдана алатын жағдайда емес»,-деп мәлімдеді.

Еуропаның ашық түрде ұстаным білдіруін  Вашингтонның Иранға қарсы қоқан-лоққыларын орындау саласындағы сәтсіздіктерінің жаңа бір үлгісі деп айтуға болады. БҰҰ Қауіпсіздік  кеңесінде Вашингтон ұсынған қарарды бекітуде жеңіліс тапқанынан кейін АҚШ Президенті Дональд Трамп алдағы аптада Иранға қарсы «Моше механизмін» іске қосуға, яғни БҰҰ санкцияларын автоматты түрде қайта салуға талпыныс жасайтынын айтты.

Трамп – «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын қатты сынға алған адамдардың бірі. Ақырында 2018 жылдың 8 мамырында АҚШ-ты ядролық келісімнен шығарып алды. Бұған қарамастан, Вашингтон өзінің оппортунистік қатынасы аясында өз мүддесіне қажет жағдайда ядролық келісімде жазылған құқықтар, соның ішінде «Моше механизмін» қолдануға құқылы екенін айтып келеді. Бұл мәселе қазір Трамп үкіметінің Иранға қарсы қару-жарақ санкциясын ұзартуға талпынысында көрініс тапты. Бұған қарамастан аталмыш мәселе 4+1 тобының шығыс пен батыс блоктарының қарсылығына ұшырады. Шығыс блок, яғни Ресей мен Қытай басынан-ақ АҚШ-тың осы негізсіз уәждеріне қарсылық білдіріп, бұл елдің ядролық келісімнен шығып кеткенін ескертіп, Вашингтонның осы келісімде аталған қандай да бір механизм, соның ішінде «Моше механизмін» қолдану құқығын  теріске шығарды.  

Қазіргі кезде тіпті еуропалық серіктестердің Вашингтонның «Моше механизмін» қолдану құқығын қабылдамауы және ашық түрде қарсылық білдіруі АҚШ үкіметінің  сағын сындырып, ұятқа қалдырды.

Еуропа одағының сыртқы саясат жөніндегі басшысы Жозеп Боррель: «АҚШ ядролық келісімнен шықты, сондықтан өзін осы келісімнің бір мүшесі санап, сол арқылы Иранға қарсы қару-жарақ санкциясын қолданамын деп уәж айта алмайды»,-деді.

Кейбір сыншылар Трамп үкіметінің Иранға қарсы қару-жарақ санкциясын ұзарту туралы уәдесін орындауға бар күшін салуының дәлелі жайлы «Трамп АҚШ-тағы президенттік сайлау алдында ел ішінде танымалдығын арттырып, 2020 жылдың қараша айында қайта сайлануға мүмкіндігін күшейтуге талпынуда» деген пікірде.      

Тегтер