Қыр 14, 2020 15:23 Asia/Almaty
  • Иран Қырғызстанға екінші медициналық көмек жүгін жіберді

Иранның Covid-19-бен күреске арналған екінші гуманитарлық және медициналық көмек жүгі осы елдің Қырғызстандағы елшілігі арқылы Бішкек басшыларына табыс етілді.

Иранның көмек жүгі медициналық құрал-жабдықтар, соның ішінде өкпені жасанды желдеткіш аппараты, термометр, пульсоксиметр, PCR тесттері мен EIA-ны тексеруге арналған құралдан тұрады. Бұл құралдардың барлығы отандық компанияларда жұмыс істейтін ирандық жас мамандардың қолымен жасалған.  

 

 

Тегтер