Қаз 02, 2020 18:37 Asia/Almaty
  • Трамптың коронавирус жұқтырғаны расталғаннан кейін АҚШ-тың құнды қағаздар биржасында баға түсіп кетті

АҚШ Президенті Дональд Трамптың коронавирус жұқтырғаны туралы хабар таралғаннан кейін ел биржасында баға түсіп кетті.

Трамптың коронавирус жұқтырғаны расталған соң АҚШ-тың Wall Street биржасында Dow Jones акциясының көрсеткіші 1,7 пайызға, S&P көрсеткіші 1,6 пайызға түсті. АҚШ-та сайлауалды науқаны жүріп жатқан шақта осы елдің басшысы Дональд Трамп өзі мен жұбайының коронавирус тестінің расталғанын хабарлады.

АҚШ Президенті бейсенбі күні кешке Твиттердегі жеке парақшасында өзі мен жұбайы Мелания Трамптың коронавирус тестінің расталғанын айтып, екеуінің карантинге алынып, ем-дом ала бастағанын жазды.

Қазіргі таңда АҚШ коронавирус жұқтырғандар мен көз жұмғандар саны бойынша әлемде көш бастап тұр.  

Тегтер