Ирандық зерттеуші «Ньютон» алтын жүлдесіне ие болды
https://parstoday.ir/kz/news/world-i48814-Ирандық_зерттеуші_Ньютон_алтын_жүлдесіне_ие_болды
Пенсильвания университетінің ирандық зерттеушісі Исаак Ньютон атындағы алтын жүлдеге ие болды.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Қар 01, 2020 15:02 Asia/Almaty
  • Ирандық зерттеуші «Ньютон» алтын жүлдесіне ие болды

Пенсильвания университетінің ирандық зерттеушісі Исаак Ньютон атындағы алтын жүлдеге ие болды.

Ұлыбританияның физика институты 2020 жылға арналған Исаак Ньютон атындағы алтын жүлдені АҚШ-тың Пенсильвания университетіндегі ирандық зерттеуші Надер Энқетаға табыс етті.

Ол электромагниттік және оптикалық күрделі заттар саласында үздік инновация жасап, өзгеріс тудырғаны және метаматериалды дамыту мен аналог есептеулер жасағаны үшін осы жүлдеге ие болды.