АҚШ-та президенттік сайлауда берілген дауыстарға қатысты дау күшейді
АҚШ Өкілдер палатасының төрағасы демократ өкілдерге жазған хатында осы партия үміткерінің сайлауда жеңіске жетіп, Ақ үйге жол тарту үшін жеткілікті электорал дауысына ие екенін айтты.
АҚШ-тағы 2020 жылғы президенттік сайлаудың нәтижесіне қатысты соңғы статистикаға сәйкес, Джо Байден электорлар алқасының 264 дауысына, Дональд Трамп 214 дауысына ие болды. Үміткер жеңіске жету үшін электорлар алқасының 270 дауысын жинауы керек.
Ал бұл жағдайда Дональд Трамп мен оның жақтастары сайлауда заңбұзушылық болды деп уәж айтып, кейбір сайлау учаскелерінде, соның ішінде Аризона мен Мичиганда дауыс санаудың тоқтатылуын талап етті.
Кейбір қалаларда, соның ішінде Портленде Трампқа қарсылар АҚШ туын өртеу арқылы оның саясатына қарсы екендерін білдірді.
Нью-Йорк пен Филадельфияда да нәсілшілдік пен әділетсіздікке наразы адамдар шеру өткізу арқылы АҚШ үкіметіндегі нәсілшіл құрылымға қарсылық білдірді.