Америкалықтар Орта Азияның қауіпсіздігін бұзуды көздейді
Аймақтағы соңғы оқиғалар, соның ішінде АҚШ-тың «Шығыс Түркістан қозғалысын» лаңкестік топтардың тізімінен шығаруы Орта Азияның қауіпсіздігіне қатер төндіріп отыр. Кейбір сарапшылардың пікірінше, аймақтағы барлық өзгерістерді жіті бақылау керек, өйткені осы өзгерістердің келесі нысанасы – Орта Азия.
Қырғызстанның қауіпсіздік жағдайы мен түйткілді мәселелерін зерттей келе, осы елдің сарапшылары «Қырғызстанның қауіпсіздігіне төнген қатерлер мен түйткілдер» тақырыбында конференция өткізуге шешім қабылдады.
Қырғызстанның саяси сарапшысы Марс Сариев осы салада: «Меніңше, кезек Орта Азияға келген сияқты. Батыс елдері Шығыс Түркістан радикалды исламдық қозғалысын лаңкестердің қара тізімінен шығарды. Сепаратист ұйғырлардың ұстанымы мықты. Өйткені олар ДАИШ-те арнайы күш пен басқару штабының өкілдері ретінде қызмет атқарып, шетелдік тыңшылық қызметтердің қолдауына ие болып отыр»,-деді.
Сариев: «Шығыс Түркістан қозғалысының мүшелері жақсы жарақталып, жоғары стимулға ие. Сондықтан Орта Азия қазір Батыс Азиядағы оқиғалардың бір тармағына айналып барады»,-деді.