Иран Мұнай министрінің Мәскеуге сапары: мұнай нарығындағы қазіргі жағдай
ИИР Мұнай министрі Бижан Намдар Зангане жексенбі күні Мәскеуге аттанып, осы елдің басшыларымен кездесіп, мұнай нарығындағы жаңа өзгерістер жайында пікір алмасты.
Ресей Мұнай министрлігі сенбі күні ТАСС ақпарат агенттігіне берген сұхбатында Ресейдің жаңа Энергетика министрі Николай Шульгиновтың Иран Мұнай министрі Бижан Намдар Занганемен кездесетінін хабарлады.
Opec-plus деп алатын мұнай өндіруші елдердің ынтымақтастығы коронавирус таралғаннан кейінгі тоқырау жағдайында нарықта мұнай бағасын ұстап тұруға көмектесті.
Ең ірі мұнай өндірушілер мен экспорттаушылар қатарындағы және әлемдік саясат пен өзгерістер саласында жоғары ықпалға ие Иран мен Ресей сияқты елдердің әріптестігі энергетика нарықтарының әсері мен шешімдерінің салмағын арттыратыны анық.
Мұнай нарығын сараптаушы Абдулла Элми Кувейттің «әл-Қабс» газетінде жариялаған мақаласында мұнай экспорттайтын елдердің рөлін сараптап: «Opec-plus екі қырдан шынайы сыналады: біріншісі – мұнайды көбірек өндіруге тосқауыл қою, екіншісі – әлемдік нарықтарда тыныштық орнауы үшін мұнай өндірісін азайту келісімін толық орындау. Осы сынақтың нәтижелері Opec-plus-тың алдағы отырысында айқындалады»,-деді.
Opec-plus-тың 2020 жылы қабылдаған шешімдері әлемдік нарықта салыстырмалы түрде тепе-теңдік пен тұрақтылық орнатуға себеп болады деген үміт те жоқ емес.
Бижан Намдар Зангане 4 желтоқсанда Opec-plus-қа мүше елдердің Мұнай және энергетика министрлерінің 12-ші отырысынан кейін тілшілерге берген сұхбатында: «Жылдың аяғына дейін 7 млн 700 мың баррель мұнай азырақ өндіріледі. 2021 жылдың қаңтар айында 7 млн 200 мың баррельге азайту көзделуде. Келесі айлардағы азайту көлемі Opec-plus-тың келесі отырыстарында анықталады»,-деді.
Қорытындылай келгенде, OPEC-ке мүше және мүше емес елдердің интеграциясы барлық қатысушылардың тағдырына әсер етеді. Елдер осы салада біржақты әрекет етуден бас тартуы керек, өйткені мұндай іс-әрекеттер шешімдердің күшін жоюға әкеп соқтырады.