АҚШ әскерилерінің орналасуы - аймақтағы тұрақсыздықтың себебі
https://parstoday.ir/kz/news/world-i49416-АҚШ_әскерилерінің_орналасуы_аймақтағы_тұрақсыздықтың_себебі
Өткен жексенбіге қараған түні «Катюша» зымырандары үкіметтік мекемелер мен елшіліктер, соның ішінде АҚШ елшілігі орналасқан Бағдаттың жасыл аймағына түсті. Зымырандық шабуыл бірнеше ғимарат пен көліктерге зардап келтірді, адам шығыны болған жоқ.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Жел 22, 2020 18:04 Asia/Almaty
  • АҚШ әскерилерінің орналасуы - аймақтағы тұрақсыздықтың себебі

Өткен жексенбіге қараған түні «Катюша» зымырандары үкіметтік мекемелер мен елшіліктер, соның ішінде АҚШ елшілігі орналасқан Бағдаттың жасыл аймағына түсті. Зымырандық шабуыл бірнеше ғимарат пен көліктерге зардап келтірді, адам шығыны болған жоқ.

 

Бұл күдікті шабуылдан кейін АҚШ Мемлекеттік хатшысы Майк Помпео дүйсенбі күні Twitter-де: «Иран қолдайтын жасақтар тағы Бағдатқа шабуыл жасады және ирактық әскери еместерді жаралады. Ирак халқының бұл шапқыншыларды айыптау құқы бар. Бұл қылмыскерлер тұрақсыздыққа әкелетін әрекеттерін тоқтатулары керек»,- деп жазды.

АҚШ Трамп президентік шиеленісті кезеңінің соңғы күндерінде аймақтағы ауыр саяси жеңілістерді ескере отырып, фактілерді бұрмалау үшін көбірек сылтау мен шытырман оқиғалар іздейтіні сөзсіз. Иран, Ирак, Ауғанстан, Йемен және Ливан - АҚШ өз саясатының сәтсіздіктерін бастан кешірген елдер. АҚШ-тың қазіргі режимі де сәтсіз саясатының салдарын бәрінен жақсы біледі. Бірақ бұл Иранның Ирак пен аймақты қауіпті ету арқылы АҚШ-қа жауап бергісі келеді дегенді білдірмейді. Керісінше, мұндай қадамды американдық стратегиялар мен осы елдің әдеттегі тәжірибелері аясында талқылауға және бағалауға болады. Ирактың халықтық Хашд әш-Шааби күштерінің қолбасшылары бұл шабуылды күдікті деп атап, шабуылдарды АҚШ-тың америкалық күштердің Ирактағы орналасуын ақтау үшін бұл жобаны жоспарлап отырғанын мәлімдеген жағдайда Помпео Иранға қарсы уәждерін айтты. Негізінде АҚШ-тың өзі Бағдадтағы дипломатиялық базаларға ракеталық және минометтік шабуылдар жасау арқылы Ирактағы өзінің әскери өмірін жалғастыруын ақтауға тырысады. Басқа жағынан, Хашд әш-Шааби ұйымының топтарын айыптау арқылы бұл халықтық қозғалысты әлсірету және қоғамдық пікірді оларға қарсы қозғау талпыныс жасалуда.