Трамп АҚШ сайлауындағы алаяқтық туралы тағы уәжденді
Жел 23, 2020 11:46 Asia/Almaty
АҚШ Президенті видео таратып, тағы бір рет АҚШ президенттік сайлауындағы алаяқтықты әшкереледі.
Дональд Трамп Twitter-дегі парақшасында Джорджия штатындағы Фултон округіндегі үгітшілердің бірнеше бюллетеньдерді бірнеше рет сканерлегенін көрсететін видеоны жариялады. Видео Трампты қолдайтын кабельдік желінің репортажынан алынған, жүргізуші: «Сайлаудан кейін жасырын дауыс беру жәшіктері бюллетеньдерге толды»,- деді.